Қостанай облысында ЖИТС жұқтырған ер адам өгей қызын зорлады

Қостанай облысында ЖИТС жұқтырған адам 13 жастағы өгей қызын зорлаған. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Облыстық соттың баспасөз қызметі істің жабық өткенін айтып, оқиға қыздың анасы үйде жоқта болғанын мәлімдеді. Сонымен қатар оның АИТВ жұқтырғаны анықталды.

«Зардап шеккен қызға вирус жұқпаған», — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот қылмыс жасаған адамның өмір бойына бас бостандығынан айырылғанын мәлімдеді.

Қостанай ер адам өгей қыз

Тақырыпқа жаңалықтар