Қазақстан жаңалықтары10 қазан 2023, 11:00

Іздеу жарияланған 19 жастағы жігіттің денесі табылды

Петропавлда туған-туысы іздеу жариялаған 19 жастағы жігіттің денесі табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қазан күні сағат 17:08 минут кеткенде Петропавл полиция басқармасының «102» пультіне ер адамның мүрдесі табылғаны туралы хабар түскен. Телефон соққан адам дененің Қазақстан Конституциясы көшесінде орналасқан ғимараттан алыс емес жерде жатқанын айтқан.

Ол облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны болып шықты. 9 қазан күні туыстары полицияға жүгініп, жігіттің із-түзсіз жоғалғанын айтып, іздеу жариялаған.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

 

Петропавл Іздеу жігіт мүрде

Тақырыпқа жаңалықтар