Қазақстан жаңалықтары13 наурыз 2024, 8:00

Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстың үштен бірінің зорлық сипаты бар – ІІМ

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Сенатта өтіп жатқан дөңгелек үстелде кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстардың статистикасын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты 2 мыңнан астам қылмыс жасалды. Оның ішінде әрбір үшінші қылмыс кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұқпау құқығына қарсы қылмыстар. Соның ішінде зорлау, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық, 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу, жас балаларды азғындық жолға түсіру қылмыстары бар», - деді ол.

Комитет төрағасы кәмелет жасына толмағандарға қарсы қылмыстың басым бөлігі отбасы, ошақ қасында тіркелетінін айтады.

«Қылмыстардың 65 пайызы полицияның кіруіне шектеу бар жеке тұрғын үйлерде жасалған. Әрбір үшінші қылмысты полицияның көзіне түспеген жақын адамдар жасайды. Бұлар – әкелері, өгей әкелері, бірге тұратындар, көршілер, туыстар, не болмаса таныстар», - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Қайсар Сұлтанбаев кәмелетке толмағандар Зорлық

Тақырыпқа жаңалықтар