Placeholder
ФОТО: КТК
КТК
Қазақстан жаңалықтары18 қыркүйек 2024, 4:46

Канада профессоры: Қазақстан бірнеше АЭС салуға қауқарлы

Атом энергетикасы саласындағы халықаралық сарапшылар Қазақстан билігінің АЭС салу бойынша ниетін толық қолдап отыр. Мәселен, Канада университетінің профессоры еліміздің бір ғана емес, бірнеше атом электр станциясын салуға қауқары жетеді деп есептейді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жазады.

Акира Токухиро, Ontario Tech University профессор-деканы:

— Сіздерде уран бар, ендігіде қазіргі геосаясатқа қарап, Канададағыдай отынның болуы елдің энергетикалық қауіпсіздігі үшін зор жетістік болмақ. Бір ғана атом электр станциясын салуға шешім қабылдауларыңыз ықтимал, десе де, одан көбірек салуға мүмкіндіктеріңіз бар. Ал бұл елдің болашағы үшін энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және көміртегі бейтараптығына және әлемнің тұрақтылығына қол жеткізу тұрғысынан өте маңызды.

Акира Токухиро Қазақстанда атом электр станциясында жұмыс істей алатын кәсіби мамандар бар деп санайды. Дегенмен оның саны аз болса, елде әлі де лайықты кадр дайындауға уақыт жеткілікті. Ал ядролық генерациядан бас тартқан германиялық сарапшы бұл шешімнің өз елі үшін сәтсіз болғанын мойындап отыр. Марк Нельсонның айтуынша, тұрақты энергия және атом электр станцияларының өндірісі оның өзге де балама энергия көздерінен әлдеқайда артық екенін дәлелдейді. Ал қауіп төндіреді-ау деген дәлелдер ешбір сын көтермейді.

Марк Нельсон, Radiant Energy Group басқарушы директоры:

— Тіпті АЭС жабылуын жаппай жақтаған неміс саяси көшбасшылары ұлттық телеарнада ядролық реакторлардың қауіпсіздігіне байланысты жабылудың бірде-бір себебі жоқ екенін мойындады. Яғни жанармай одан әрі жеткізіліп, инспециялар қалыпты режимде жүргізіліп, реакторлар қауіпсіз жұмысын жалғастыра берер еді.

АЭС Қазақстан Канада профессоры Пікір

Тақырыпқа жаңалықтар