Қазақстан жаңалықтары11 қазан 2023, 12:00

Каспий теңізінің жағалауында жылан қаптаған

Каспий теңізіндегі су жыландары жағалауға шығып,ақтаулықтар оны видеоға түсіріп, әлеужеліге салып жжатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Маңғыстау облысы аймақтық экологиялық кеңесінің мүшесі Әділбек Қозыбақов су жыландарының адамға зияны жоқ деп отыр.

Қазір олар қыстауға дайындалып, топтасып жатыр. Кейбір топтарда су жыланының саны 200-ге дейін болуы мүмкін. Олар қазан айында, кейде күн жылы болса қарашада да осылай бой көрсетуі ықтимал. Су жыландары ұсақ балықтармен қоректенеді. Ыңғайы келсе, ұсақ кеміргіштерді аулауы мүмкін. Тышқан сияқты ұсақ кеміргіштерді де аулайды. Олар су тазалығының индикаторы саналады, себебі лас суда мекендемейді. Ал Ақтау қаласының теңіз жағалауында дератизация кезінде уланып өлген егеуқұйрықпен қоректенсе, олар да улануы ықтимал», – деді Әділбек Қозыбақов.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 💚inAktau.kz Новости Актау (@inaktau.kz)

Ақтау Каспий су жыландары

Тақырыпқа жаңалықтар