Қазақстан жаңалықтары15 наурыз 2024, 17:00

Кейуанадан 100 млн жымқырып кеткендер ұсталды

Петропавл қаласы тұрғынының 100 млн теңгесін жымқырған ұрыларды криминалист қорапта қалған аяқ іздері арқылы анықтады. 2023 жылғы маусымда кейуанаға «Аквафор» сүзгі құрылғысын тиімді жеңілдікпен орнату ұсынылады. Екі жас жігіт уәде еткен жұмысты орындайды. Әжей орнатқан құрылғы үшін төлем жасаған мезетте жігіттердің бірі ақша жасырылған жерді байқап қалған. Біреуі әжейді сөзге алдандырып, екіншісі көрші бөлмеге өтіп, 100 млн теңге қаражатты жымқырған, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл туралы Polisia.kz сайты жариялады. 

Кейуана ақшасы ұрланғанын бірнеше күннен кейін ғана білген екен.

«Құрамында Петропавл қаласының ПБ ЖКБ аға криминалисі Ербол Мусин бар полиция қызметкерлері оқиға орнына келіп, мән-жайды нақтылай бастады. Е.Мусин пәтерді мұқият қарап шығып, алаяқтар қалдырған сүзгі құрылғысы қорабынан іздерді тапты. Іздер бойынша қылмыскерлердің жеке басы да анықталды. Олар Қостанай облысының тумасы болып шықты және біреуінің Петропавл қаласында тұрақты тұратыны белгілі болды. Криминалистің кәсіби іс-қимылы негізінде қылмыс қысқа мерзімде ашылды, қаскөйлер ұсталып, ақшалай қаражаттың бір бөлігі әжейге қайтарылды», делінген хабарламада.

кейуана ұрлық 100 млн Петропавл

Тақырыпқа жаңалықтар