Қазақстан жаңалықтары10 сәуір 2024, 15:22

Кірістер департаменті аудит бөлімі басшысының үйінен 129,4 миллион тәркіленді

Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының ҚҚС (қосылған құн салығы) аудит бөлімінің басшысы ұсталды. Тінту барысында оның үйінен 129,4 млн теңге тәркіленіп, тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингіде айтылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының ҚҚС (қосылған құн салығы) аудит бөлімінің басшысын ұстады. Ол 36 млн теңге сомасында ҚҚС қайтару бойынша оң шешім қабылдағаны үшін кәсіпкерлік субъектісінен 3,6 млн теңге сомасында пара алған. Күдікті соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», - деді Антикордың ресми өкілі Данияр Бигайдаров.

 

 

Кірістер департаменті аудит бөлімі басшысы тәркілеу Астана Антикор

Тақырыпқа жаңалықтар