Қазақстан жаңалықтары21 қазан 2023, 1:38

Көлік жүргізушісінің есірткі қолданған сәті видеоға түсіп қалды

Түркістанда көлік жүргізушісінің есірткі қолданған сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оқиға Түркістан қаласындағы мөлтек аудандардың бірінде болды. Аула ішінде тұрған «Daewoo Nexia» көлігі жүргізушісінің есірті қолданып отырған сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

«Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары күдіктіден есірткіге ұқсас затты тапты. Сараптамаға сәйкес, дәлелдемелер «марихуана» болып шықты. Аталған факті ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Түркістан Есірткі видео көлік жүргізуші

Тақырыпқа жаңалықтар