Placeholder Конгодағы қазақстандық бітімгерлерді БҰҰ марапаттады
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
QR Qorğanıs mïnïstrliginiñ baspasöz qızmeti
Қазақстан жаңалықтары5 қазан 2024, 10:00

Конгодағы қазақстандық бітімгерлерді БҰҰ марапаттады

Конго Демократиялық Республикасында әскери қызметшілер – подполковник Алтынбек Жалмұханов пен майор Батыр Тұяқов БҰҰ-ның бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға қосқан үлесі үшін медальдарымен марапатталды. «Салтанатты күні бітімгерлік күштер шеруін басқару БҰҰ миссиясының әскери бақылаушылары бас штабының бастығы подполковник Алтынбек Жалмұхановқа бұйырды. Бұл біздің бітімгерлердің ел беделінің артуына қосқан үлесі», — деп хабарлады ведомстводан, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Марапаттау рәсімінде миссия қолбасшысы генерал-майор Кхар Диуф Алтынбек Жалмұхановтың сіңірген еңбегін атап, оның өңірдегі ахуалды тұрақтандыруға қосқан үлесіне, көшбасшылық қасиеттері мен ісіне адалдығына тоқталып өтті.

Офицерлер Алтынбек Жалмұханов пен Батыр Тұяқов «Біріккен Ұлттар Ұйымының Конго Демократиялық Республикасындағы тұрақтандыру жөніндегі миссиясы» құрамында қызмет етіп жүр.

Майор Б. Тұяқов — Қазақстанның Қарулы күштерінен осы елдегі бітімгерлік миссияға қатысушы алғашқы өкілі. Бір жыл ішінде ол әскери бақылаушы ретінде абыроймен қызмет етіп, өзін жоғары деңгейлі кәсіби маман ретінде көрсетті.

 

конго Бітімгерлер БҰҰ Марапат

Тақырыпқа жаңалықтар