Қазақстан жаңалықтары18 қараша 2023, 14:02

Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды

Әнші Димаш Құдайберген шахтада әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды, - деп хабарлайды Arbat.media

Қарағандыдағы Костенко шахтасында қаза тапқан 46 азаматтың артында қалған отбасыларына мемлекет те, жеке кәсіпкерлер де қолұшын созып жатыр.

Әйгілі әнші Димаш Құдайберген де осы отбасыларға қайырымдылық жасаудан қалыс қалған жоқ. Ол сол апатта әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға 1 миллион теңгеден аударды.

 

 

Димаш Құдайберген Костенко шахтасы 20 миллион теңге 20 отбасы

Тақырыпқа жаңалықтар