Placeholder LRT пойызы операторларын оқытуға алдын ала қабылдау басталады
Фото: SkyWay
SkyWay

LRT пойызы операторларын оқытуға алдын ала қабылдау басталады

«City Transportation Systems» ЖШС жеңіл рельсті көлік желісінде жұмыс істейтін пойыз операторларын (машинист) оқытуға алдын ала қабылдау басталғанын хабарлады. LRT құрамдары толығымен автоматтандырылған және пилотсыз болады, - деп хабарлайды Arbat.media.

LRT пойыз операторларының негізгі міндеттері:

— жолаушылардың қауіпсіздігін және пойыздың техникалық жағдайын, барлық қауіпсіздік нормаларының сақталуын қадағалау;

— автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысын үздіксіз бақылау, ақауларды анықтау және жою;

— вагондардың электрлі жылытуды/желдетуді сақтау, жолаушыларды отырғызып/түсіру тәртібін реттеу, жылжымалы құрамның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша басқа да жұмыстарды атқару.

«Біз Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналасуды, жұмыс берушінің есебінен біліктілікті арттыруды және оқытуды ұсынамыз. Оқыту нәтижесі бойынша LRT басқаруға арналған халықаралық үлгідегі сертификат беріледі. Оқу мерзімі 1 жылға дейін. Оқыту Астана қ./ҚХР жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының азаматтарынан құралады», — деп мәлімдеді ведомстводан.

Мақсат — мамандандырылған компанияны жұмысқа тартпай, LRT жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу дағдыларын үйрету (ағымдағы және күрделі жөндеу).

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

— темір жол көлігі саласындағы жоғары білім;

— жұмыс тәжірибесі локомотив машинисі лауазымында кемінде 3 жыл/локомотив машинисі көмікшісі ретінде кемінде 5 жыл.

Жұмыс ауысымдық кесте бойынша жүзеге асырылады.

Түйіндеме CTS ресми сайты арқылы қабылданады. Сұрақтар бойынша телефон нөмірі: Астана қ. +7 (7172) 577 177 (ішкі 102)

LRT пойызы оператор оқыту

Тақырыпқа жаңалықтар