Placeholder Мәжіліс депутаты Әбиба Әбужақыноваға арнайы сыйақы бермек
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары30 шілде 2024, 9:00

Мәжіліс депутаты Әбиба Әбужақыноваға арнайы сыйақы бермек

Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров өз атынан Әбиба Әбужақыноваға арнайы сыйақы бергелі отыр. Бұл туралы депутат әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп – Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл – намыстың көз жасы. Бұл – тектіліктің белгісі. Бұл – үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек. Қәнеки, жалғастырайық, Қазақтың Жігіттері!» - деді Айдарбек Ходжаназаров.

Ал белгілі меценат Дулат Тастекей Олимпиададан жүлде ала алмаған Әбиба Әбужақынованы ASSYLTAS стипендиясына ұсыну туралы ойын білдірді.

«Токио Олимпиадасында қола жүлде алған Елдос бауырымыз сол жылы көпшіліктің шешімімен ASSYLTAS стипендиясының иегері атанған еді. Биыл бұл стипендияны Париж Олимпиадасында жанкештілік көрсеткен Әбиба қарындасымыз алса, қалай қарайсыздар?» - деді Дулат Тастекей.

Еске сала кетелік, бұған дейін дзюдошы Әбиба Әбужақынова қазақстандықтандар «Үміттеріңізді ақтай алмадым, кешіріңіздер» деп көзіне жас алған еді.

Әбиба Әбужақынова Мәжіліс депутаты ASSYLTAS стипендиясы сыйлық

Тақырыпқа жаңалықтар