Қазақстан жаңалықтары17 қазан 2023, 17:00

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің прокаты аяқталды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің прокаты жөнінде пікір білдірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Барлық кинопрокат ұйымдарының өз кестесі бар. Біз мұндай сұраныс болады деп ойламадық және белгілі бір уақыт аралығын таңдадық. Көрермендер тарапынан осы фильмге қызығушылық артқан соң, прокатты тағы бір аптаға ұзарттық. Қазір прокат уақыты аяқталды. Өз көрерменін күтіп отырған басқа да фильмдер бар. Сондықтан бұл жерде еш мәселе жоқ деп ойлаймын», - деді Аида Балаева.

«Сол кезде халық асқан қызығушылық танытпап еді. Енді бұл фильм көпшілікке қолжетімді және ұлттық арнаның YouTube арнасынан сериалын көруге болады. Мен мұнда ешқандай проблема көріп отырған жоқпын», - деді Аида Балаева.

Міржақып. Оян, қазақ аида балаева прокат

Тақырыпқа жаңалықтар