Placeholder
Фото: Бокс федерациясы
Boks federacïyası
Қазақстан жаңалықтары15 тамыз 2024, 9:12

Мырзағали Айтжанов қызметінен кетті: Бокс федерациясында кадрлық ауыс-түйіс

Қазақстан Бокс федерациясы Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өткенін мәлімдеді. Ұйым бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілгенін атап өткен. Қазақстан бокс федерациясының шешімі Дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Осылайша, келесі өзгерістер жайында хабарлаймыз:

1. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды.

2. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Жаңа бапкерлік құрам кейінірек таныстырылады», — деп жазды федерациядан.

Айта кетейік, жақында ғана федерация президенті қазақ боксына үлкен реформа қажет екенін мәлімдеген.

Мырзағали Айтжанов қызметінен кетті Бокс федерациясы Ауыс-түйіс

Тақырыпқа жаңалықтар