Қазақстан жаңалықтары13 мамыр 2024, 13:11

«Наурыз» бағдарламасы: Ұпай саны қалай есептеледі

«Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау маусым айының соңына дейін ұзартылды. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарушы директоры - Орталық филиал директоры Жансұлтан Матай айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қатысушыларды дүрліктірмеу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі барынша ұзартылды. Үміткерлердің маусым айының соңына дейін бір жарым ай уақыты бар. Яғни, өтінімді бірінші күн не соңғы күні берсеңіз де еш айырмашылығы жоқ. Нәтижесі өтінімдері қабылдау аяқталғаннан кейін шығарамыз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндгі брифингте, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Сонымен қатар Жансұлтан Матайдың айтуынша, өтінім берушілердің ұпайы төмендегідей есептелінеді:

- салым бойынша сыйақы мөлшері - әрбір 1 000 теңге үшін 1 ұпай;

- тіркелген некенің болуы - 5 ұпай;

- балалардың болуы - 10 ұпай (балалар санына қарамастан);

- халықтың әлеуметтік осал топтары мәртебесінің болуы - 10 ұпай;

- 35 жасқа дейінгі жас (қоса алғанда) – 5 ұпай.

«Егер қатысушылардың ұпай саны сәйкес келсе, онда тізімге енгізу кезінде басымдық салым сомасы кімде көп және жинақтау мерзімі ұзақтау болса, соған басымдық беріледі. Саралаудан кейін банк сайтында «Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінім берушілердің, атап айтқанда қатысушылар пулына енген, ұпай саны бойынша өтпеген адамдардың тізімі толық жарияланады. Пульға кірген қатысушылардың несиеге өтінім беруге тағы 2 ай уақыты бар. Заем бойынша оң мақұлдау алған үміткерлерге баспана іздеуге 6 ай уақыт беріледі», - деді ол.

«Наурыз» бағдарламасы маусым айы Отбасы банк өтінім қабылдау

Тақырыпқа жаңалықтар