Қазақстан жаңалықтары19 наурыз 2024, 10:00

Наурызға орай мерекелік пойыздар жолға шықты

Қазақстанда Наурыз мейрамы қарсаңында этникалық стильде безендірілген мерекелік пойыздар салтанатты түрде сапарға аттанды. Осы оқиғаға орай «Жолаушылар тасымалы» АҚ елорда вокзалының перронында жолаушыларға шағын тосынсый ұйымдастырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Жолаушыларды қазақ домбырасының үнімен қарсы алып, наурыз көже мен бауырсақтан дәм татқызды.

Мерекеге орай безендірілген пойыздар наурыз айының соңына дейін «Астана-Алматы», «Астана-Шымкент» және «Астана-Павлодар» бағытында қатынайтын болады.

Наурыз ҚТЖ мерекелік пойыздар дастархан

Тақырыпқа жаңалықтар