Қазақстан жаңалықтары8 шілде 2024, 12:00

Назарбаев әуежайының халықаралық терминалында су құбыры жарылды

Астанадағы Назарабев халықаралық әуежайының халықаралық терминалында су құбыры жарылып, ғимаратқа су жайылды. Әлеуметтік желіде төбеден сорғалаған су жүк чемодандарын басып қалғанын бейнелейтін видеолар тараған болатын. Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі видеодағы жағдайдың болғанын растап отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Жөндеу жұмыстары кезінде мердігер құрылыс компаниясы Астана халықаралық әуежайының халықаралық терминалындағы су құбырын бүлдірген. Қазіргі таңда ақауды жоюға бағытында қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз, ақауды жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз», - деп мәлімдеді әуежайдың баспасөз қызметі.

Назарбаев әуежайы халықаралық терминал су құбыры Жарылыс

Тақырыпқа жаңалықтар