Placeholder
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары4 қыркүйек 2024, 11:00

Олимпиада, Паралимпиада және ұлттық спорт түрлері қайта қарастырылады

Елімізде Олимпиада, Паралимпиада, Азия және ұлттық спорт түрлері жоғары жетістіктер спорт қатарына кіреді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлім етті, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Дене шынықтыру және спорт саласында Мемлекет басшысы қойған мақсаттарды орындау үшін келесі шаралар қабылданады. Алдымен саланы дамытудың үш сатылы жүйесі құрылады. Оның біріншісі бұқаралық спорт, кейінгі сатылары жоғары жетістіктер спортына қатысты. Жоғары жетістіктер спорт түрлері қайта қарастырылады. Ол тізімге Олимпиада, Азия, Паралимпиада ойындары, сондай-ақ, ұлттық спорт түрлері кіреді», - деді Тамара Дүйсенова.

Вице-премьердің айтуынша, спортқа бөлінетін қаржыны нәтижелі әрі тиімді пайдалану үшін қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі енгізіледі.

«Спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар мен спорттық медицина, фармакология, диетология, психология саласының мамандарын дайындау жүйесі қайта қарастырылады. Әкімдіктермен бірлесе отырып аймақтардағы спорттық инфрақұрылым кеңейтіледі. Бұл өзгерістер Мәжілісте қарастырылып жатқан заң жобасы аясында енгізіледі», - дейді Т. Дүйсенова.

Олимпиада Паралимпиада ұлттық спорт қайта қарастыру

Тақырыпқа жаңалықтар