Қазақстан жаңалықтары29 наурыз 2024, 22:27

«Оқиғаға еш қықықпадым». Бишімбаев сотында екінші адам куәлік етті

Қуандық Бишімбаевтің ісі бойынша екінші күдікті Бақытжан Байжаннан бейнежазбаларды өшіру бойынша тікелей тапсырма алған куәгер Гүлзада Жүсіппекқызы сот алдында оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Куәгердің сөзі бойынша, Гастро орталық директоры Бақытжан Байжан оған бейнекамераға түсіп қалған барлық жазбаны өшіруді тапсырған.

«9 қараша күні Бақытжан Байжан маған хабарласып: «бейнежазбаларды қалай өшіруді білесің бе?» деп сұрады. Мен оған білмеймін деп жауап қаттым. Кейін ол Гастро орталығының жалға беру бөлімінің басшысы Қалмұрат Молдақаштың өзіне (Бақытжан Байжанға) хабарласуын тапсырған», деді куәгер.

Сонымен қатар Гүлзада айыптаушылардың сұрағына жауап бере тұра, болып жатқан оқиғаға ешқандай қызығушылық танытпағанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Гастро орталығының жалға беру бөлімінің басшысы Қалмұрат Молдақаш сотта куәлік етті.

Бишімбаев соты куәгер Бейнекамера гастро орталық

Тақырыпқа жаңалықтар