Placeholder
Фото: Ақорда
Aqorda
Қазақстан жаңалықтары9 тамыз 2024, 5:17

Орталық Азия елдері мен Әзербайжан Президенттері кешкі ас ішуге жиналды

Орталық Азия елдері мен Әзірбайжан Президенттері кешкі ас ішуге жиналды.  Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Астанаға арнайы келген Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжан президенттерімен бірге мәртебелі меймандардың құрметіне ұйымдастырылған «Достық кеші» гала-концертін тамашалады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Фото: Ақорда

Астанаға Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Астанаға келді, ол Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуі мен «Орталық Азия + Жапония» диалогы мемлекеттері басшыларының бірінші саммитіне қатысады. 

Одан бұрын Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров та Астанаға келген еді. Қырғыз басшысы да Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне және «Орталық Азия + Жапония» диалогы мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысады. 

Сондай-ақ, бүгін Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев те Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысу үшін Астанаға келген болатын.

 

 

VI Консультативтік кездесу кешкі ас Орталық Азия Орталық Азия + Жапония

Тақырыпқа жаңалықтар