Placeholder
Фото: stopfake.kz
stopfake.kz
Қазақстан жаңалықтары20 тамыз 2024, 12:00

Өскемен саяжайларын маньяк торуылдап жүр – фейк

Өскемен қаласындағы саяжайларды маньяк торуылдап жүргендігі жайлы жалған ақпарат тарап жатыр. Әлеуметтік желілерде қала саяжайларын маньяк торуылдап жүргендігі жайлы ақпарат тарап кетті. Онда «Соңғы күндері бірнеше адамның денесі табылды. Олардың барлығы – әйелдер» деп жазылған. Мұндай ақпараттың тарап кетуіне Өскемендегі саяжайлардың бірінің шетінен 45-50 жас аралығындағы белгісіз әйелдің мәйіті табылғандығы себеп болып отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Халыққа бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғандығын ескертеміз. Тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіздер», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

Өскемен фейк саяжай маньяк

Тақырыпқа жаңалықтар