Қазақстан жаңалықтары23 мамыр 2024, 9:00

Павлодарда кадет мектебінде оқушылар төбелесіп, үшеуі жарақаттанды

Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған әскери мектеп-лицей-интернатының шәкірттері жаппай төбелесіп, 3 оқушы жарақат алды. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Өңірлік полиция департаментінің дерегіне сүйенсек, 2007-2008 жылы туған оқушылар арасында жанжал туындап, оның соңы жаппай төбелеске ұласқан, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

«Полиция қызметкерлері мектеп кабинеттерінің бірінде төбелес болғанын анықтады. Оның барысында кәмелетке толмаған үш оқушы дене жарақаттарын алған. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, яғни бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Мамандардың айтуынша, оқу орнында тексеру жүргізіледі. Оның нәтижесінде білім ұясының қызметкерлеріне қатысты тәртіптік жаза қолданылады.

павлодар Кадет Балалар төбеле

Тақырыпқа жаңалықтар