Қазақстан жаңалықтары8 сәуір 2024, 15:32

Павлодардың Жалаулы ауылында төтенше жағдай режимі алынып тасталды

Жалаулыда сәуір айының басында 14 жер үй су астында қалған болатын. Мамандар мен құтқарушылар 200 мың текше метр су сыятын қазаңшұңқырлар қазып, су басу мәселесін кешенді түрде шешті. ТЖД және жергілікті билік органдарының күшімен су тасқынына қарсы іс-шаралар басталғаннан бері 190 мың текше метрден астам еріген су сорылған. Жалаулыдағы қауіптің біржола жойылғанына көзі жеткен Ақтоғай аудандық Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия 2 сәуірде жарияланған төтенше жағдай режимін алып тастау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Ауылдың ойпаң жерінде орналасқан және су басу қаупі жоғары үйлерді су басу мәселесін шешу үшін өңірлік жедел штабпен сыйымдылығы 200 мың текше метр болатын 3 жаңа қазаншұңқыр қазу туралы шешім қабылданды. Бұл алдағы уақытта ауылды су басу қаупі мәселесін кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді. Төтенше жағдай жарияланған күннен бастап ауылда тәулік бойы 12 ауыр техника қазаншұңқырларды қазу жұмыстарын жүргізіп келеді. Тұрғын үйлерді су басу қаупі толығымен жойылып, жағдай тұрақталды», - деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Су тасқыны кезінде үйлері зақым келген ауыл тұрғындарына жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Арнайы комиссия келтірілген залалды бағалау жұмыстарын жүргізуде, оның қорытындысы биылғы 10 сәуірге дейін шығарылатын болады. Қорытындысы бойынша зардап шеккен үй иелеріне бюджеттен тыс қорлардан өтемақы төленеді.

 

павлодар Жалаулы Төтенше жағдай алыну

Тақырыпқа жаңалықтар