Қазақстан жаңалықтары1 сәуір 2024, 19:59

Полиция журналист Данияр Әділбековтің ұсталғанын растады

Елордалық полиция департаменті журналист Данияр Әділбековтің ұсталғанын растады. Ведомстводан хабарланғандай, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды.

«Қылмыс жасағаны туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін азамат «Ә»-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды», - деп түсіндірді елордалық полиция департаментінен.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, сот журналистке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Өзге мәлімет тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Данияр Әділбеков Қылмыстық іс Астана Журналист

Тақырыпқа жаңалықтар