Қазақстан жаңалықтары22 шілде 2024, 15:38

Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығы: арнайы безендірілген пойыз жолға шықты

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына орай безендірілген жолаушылар пойызын жолға шығарды. Ғалымның өмір жолы Жезқазған қаласымен тығыз байланысты болғандықтан, оның суреті № 65/66 «Астана-Жезқазған» бағытындағы пойызға бейнеленген. Ол тамыз айының соңына дейін күнара қатынайтын болады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақтың көрнекті қайраткерлеріне арналған тақырыптық жобаны Ұлттық тасымалдаушы «Қазақмыс» компаниясымен бірлесіп алғаш рет іске асырып отыр, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Пойыздың сыртқы жағында Қаныш Сәтпаевтың өмір сүрген жылдары мен оның мерейтойлық портреті бейнеленген. Жоба ұлы қазақ ғалымының есімін қастерлеуге бағытталған.

Айта кетейік, жыл басында сенаторлар тұңғыш қазақстандық геолог-академиктің мерейтойын жоғары деңгейде атап өтуді ұсынған.

Кейін Ұлттық банк Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған монеталарды айналымға шығарады.

Қаныш Сәтпаев 125 жылдығы арнайы пойыз Астана-Жезқазған

Тақырыпқа жаңалықтар