Қазақстан жаңалықтары19 желтоқсан 2023, 8:12

Қараусыз ғимаратта көз жұмған шымкенттік студент

Шымкентте опырылған ғимарат астында қалған Орта Азия медицина колледжінің екінші курс студенті болып шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Шымкентте бұрынғы Фосфоршылар сарайының үш қабатты ғимаратының бір бөлігі құлап, 18 жастағы жігіт мерт болды.

Оқиға кезінде ғимаратта үш адам болған, оның екеуі қашып үлгерген.

Ал біреуі үйінді астында қалып қаза тапты.

Зардап шеккендердің бәрі — Орта Азия медицина колледжінің екінші курс студенттері.

«Оқиға орнында 23 қызметкер және ТЖД 9 арнайы техникасы, 8 құтқарушы, 2 кинологиялық есеп және медицина қызметкерлері жұмыс істеді. Қазіргі уақытта оқиға орны мұқият тексеріліп жатыр. Жағдай қала әкімінің және мамандандырылған құтқару қызметінің жедел бақылауында» делінген Шымкент әкімдігі таратқан ақпаратта.

Студент өлім Шымкент ғимарат

Тақырыпқа жаңалықтар