Қазақстан жаңалықтары4 қазан 2023, 14:05

Қаржы министрі шетелден ақша алғандардың тізімі жайлы айтты

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шетелдік көздерден қаражат алып келген қазақстандықтардың тізімі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Бұл жерде ешкім олардың (тізімге енген азаматтар – автор түсіндірмесі) қолынан ұстап алған жоқ. Есеп беру керек екенін білесіздер. Егер қандай да бір компания немесе тұлға шетелдік көздерден қаржы алып, есеп ұсынбаған болса, бізге айтыңыздар», - деп түсіндірді Ерұлан Жамаубаев.

Бұл тізімді жасау заң талабы. Аталған тізімді қалыптастыру ешбір адамның немесе кәсіпорынның заңды құқығына қайшы емес.

қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Шетел Ақша

Тақырыпқа жаңалықтар