Қазақстан жаңалықтары17 қазан 2023, 10:22

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қазақстанға шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді Қазақстанға шақырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізді, құрметті Төраға, келесі жылы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғым келеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Қытай басшысы Қазақстан Президентін Бейжіңдегі Халық мәжіліс залында қарсы алды.

Мәртебелі мейманның құрметіне Құрметті қарауыл ротасы жасақталды.

Содан кейін Үлкен Шығыс залында мемлекет басшылары мен олардың делегациялары келіссөздерге кірісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Си-Цзиньпин шақыру

Тақырыпқа жаңалықтар