Қазақстан жаңалықтары12 қазан 2023, 17:18

Қасым-Жомарт Тоқаев SpaceX компаниясының вице-президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев SpaceX компаниясының Starlink мәселелері жөніндегі вице-президенті Лорен Дрейермен кездесті, - деп хабарлайды Arbat.media.

ҚР Президенті Лорен Дрейермен кездесуде SpaceX ғарыш телекоммуникациясы саласындағы әлемдік көшбасшы компаниялардың бірі екенін атап өтті.

Қ.Тоқаевтың айтуынша, SpaceX компаниясының әзірлемелері жоғары технологиялардың дамуын ынталандыру үшін сұранысқа ие стратегиялық құралға айналды. Қазақстан SpaceX корпорациясын өзара тиімді ынтымақтастық орнату үшін сенімді серіктес ретінде қарастырады.

Өз кезегінде Лорен Дрейер StarLink компаниясының Қазақстандағы қызметін кеңейту жөніндегі жоспары, атап айтқанда, еліміздің шалғай ауылдарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жобасы туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Лорен Дрейер SpaceX

Тақырыпқа жаңалықтар