Қазақстан жаңалықтары3 сәуір 2024, 14:23

Қазақ тіліндегі ғылыми контентті қалай көбейтеміз?

Қазақ тіліндегі ғылыми контентті қалай көбейтеміз? Ұлттық ғылым академиясының академигі Шерубай Құрманбайұлы бұл жөнінде өз пікіріміне бөлісті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Шерубай Құрманбайұлы ,Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымының докторы, профессор:

Ғылымның түрлі салалары бойынша, Скопус базасына енгізілген ғылыми журналдар шығару қажет. Онсыз қазақтілді ғылыми мақалалар молайып, сапалы ғылыми контентті қалыптастыруға негіз қаланбайды. Министрлік осы мәселені шындап қолға алуы керек деп санаймыз. ЖОО-лар мен ҒЗИ-ларда өтетін түрлі мәжілістер, дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, конференция­лар мен дөңгелек үстелдердің қазақ тілінде өтуі есепке алынып, қазақтілді ғылыми ортаны қалыптастыруға жете көңіл бөлінуі керек. 

Шерубай Құрманбайұлы ғылыми контент қазақ тілі

Тақырыпқа жаңалықтар