Қазақстан жаңалықтары11 шілде 2024, 11:00

"Қазақконцерт" Түркиядағы халықаралық би байқауына қатысып жатыр

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Бірлік» ансамблі Түркияда өтіп жатқан «Алтынқарагөз атындағы 36-шы Дүниежүзілік халық би байқауына» қатысып жатыр. Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ТҮРКСОЙ мен Түркияның Бурса қаласының әкімдігі бірлесе ұйымдастырған байқауға түркітілдес елдердің үздік ұлттық және би ұжымдары қатысады, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Бірлік» ансамблі байқауда «Қамшыгер», «Жігер», «Күй шашу» атты хореографиялық композицияларды ұсынбақ. Сондай-ақ, ансамбльдің көркемдік жетекшісі Анель Марабаева «Шара» атты жеке композициясын орындайды.«Бірлік» ән-би ансамблі – көпұлтты еліміздің мәдени байлығын паш ететін бірлік пен үйлесімнің нышанына айналған ұжым.

Ансамбльдің өнердегі мақсаты – өзара құрмет, бірлік пен татулық сынды құндылықтарды насихаттай отырып, қазіргі қоғамдағы аталған құндылықтардың маңызын мәдениет пен өнер арқылы көпшілікке жеткізу. 

 

Қазақконцерт түркия халықаралық би байқауы

Тақырыпқа жаңалықтар