Қазақстан жаңалықтары17 қараша 2023, 18:23

Қазақстан нарығына жаңа шетелдік интернет байланыс операторлары кіреді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникациялар комитеті Сымсыз байланыс жобаларды дамыту және мониторингілеу басқармасының басшысы Олжас Кабенов ауыл мектептерін Starlink интернет желісіне қосу процесі туралы түсіндірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Бұл жүйеге ауылдарды емес, тестілік режимде мектептерді қостық. 10 ауыл мектебі SpaceX компаниясының Starlink технологиясы арқылы тестілік режимде кең жолақты интернетке қосылды», - деді О. Кабенов. 

Бұл тұрғыда ол Starlink-тен басқа OneWeb және SES сияқты операторлар бар екенін еске салды.

«OneWeb және SES компаниялары алдағы жылдан бастап еліміздің аумағында қызмет етуді жоспарлап отыр», - деді комитет өкілі.

Starlink интернет Ауыл байланыс операторлар Шетел

Тақырыпқа жаңалықтар