Қазақстан жаңалықтары28 қыркүйек 2023, 9:00

Қазақстан-Қытай шекарасы 4 күнге жабылады

29 қыркүйекте және 1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Arbat.media.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі: 

Қытай Халық Республикасындағы мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 29 қыркүйекте және 1-3 қазан аралығында қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Бірақ қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Комитет тасымалдаушыларға және шекарадан өтуге ниет білдірушілерге осы өзгерістерді ескере отырып, жол бағдарын алдын-ала жоспарлау керегін ескертеді.

шекараны жабу қазақстан-қытай Мереке

Тақырыпқа жаңалықтар