Қазақстан жаңалықтары4 маусым 2024, 19:52

Қазақстанда пәтер арзандап жатыр

Қазақстанда пәтер бағасының түсуі үрдісі жалғасып келеді. Krisha.kz мәліметіне қарағанда, мамырдағы теріс динамика кейінгі 10 айдағы рекордтық көрсеткіш болып шықты, яғни пәтер құны орташа есеппен 1 пайызға түсті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл тұрғыда осы динамика Петропавл мен Тараздан басқа барлық қалада байқалды. Аталған екі қалада баға 0,2-0,6 пайыз шамасында өсті, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Қазақстан аумағында бір шаршы метрдің орташа бағасы 369,8 мың теңгені құрады.

Алматыда екі ай бойы баспана бағасы төмендеп келеді, сәуір айынан бері 3 пайызға түсті.

Қазақстан тұрғын үй Баға Статистика

Тақырыпқа жаңалықтар