Қазақстан жаңалықтары10 маусым 2024, 17:09

Қазақстандық ғылыми журнал әлемдегі ең ірі Elsevier платформасында шығарылады

«Eurasian Journal of Physics and Functional Materials» ғылыми журналы Digital Commons Elsevier платформасында шығарыла бастады. Elsevier әлемдегі ең ірі ғылыми баспалардың бірі және дүниежүзіндегі ғылыми журналдардың барлық мақаласының төрттен бірін шығарады. «Eurasian Journal of Physics and Functional Materials» журналы Еуразия ұлттық университетінде 2017 жылдан бастап ағылшын тілінде шығарылады. Ғылыми басылымның мақалалары Scopus халықаралық ғылыми деректер базасына енгізілген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған журнал ядролық физика, жоғары энергия физикасы, баламалы және сутегі энергетикасы т.б. саладағы ғылыми зерттеулердің нәтижелері туралы материалдарды қамтиды.

Журналдың халықаралық редакция алқасының құрамына Қазақстан, Ресей, АҚШ, Франция, Жапония, Финляндия, Швеция, Италия, Өзбекстан, Англия ғалымдары, сондай-ақ CERN және Біріккен ядролық зерттеулер институты сияқты әлемдік деңгейдегі ғылыми ұйымдар кіреді.

«Elsevier компаниясының өзі журналды базаға қосу және электрондық нұсқасын шығару туралы бізге ұсыныспен шықты. Elsevier платформасында «Eurasian Journal of Physics and Functional Materials» журналының жариялануы журналдың ғана емес, Қазақстанның бүкіл ғылыми қоғамдастығының дамуы үшін жаңа перспективалар ашады. Бұл Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да және Қазақстанда жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулер сапасының халықаралық деңгейін мойындау», - деп атап өтті журналдың бас редакторы, ЕҰУ «Еуразиялық физика-энергетикалық зерттеулер және жоғары технологиялар институты» ҒЗИ директоры Қайрат Күтербеков.

Қазақстандық ғылыми журнал Elsevier платформаэ urasian Journal of Physics and Functional Materials

Тақырыпқа жаңалықтар