Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Қазгидромет синоптиктері 11, 12 және 13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қай өңірлерде жаңбыр жауады?
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Кей өңірлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Батыс аймақтарда бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін.
Ал шығыс, оңтүстік, оңтүстік-батыс және орталық өңірлерде жауын-шашын күтілмейді.
Жауын-шашынға қарамастан, Қазақстанның басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы +33…+40 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде ауа температурасы +38…+45 градусқа дейін ысиды.
Шілде айы қандай болады?
Бұған дейін Қазгидромет мамандары 2026 жылдың шілде айында Қазақстанда ауа райы құбылмалы болатынын хабарлаған еді. Аптап ыстық кезеңдері нөсер жаңбырмен, найзағаймен, екпінді желмен және шаңды дауылдармен алмасады. Оңтүстік өңірлерде кей күндері ауа температурасы +45 градусқа дейін жетуі мүмкін.