Сұлтан Сәрсемәлиев сотта соңғы сөзін айтты

Сотталушы Сұлтан Сәрсемәлиев сот жарыссөзінде соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол өз сөзінде тағы да жәбірленушілердің әрекеттерін сынға алып, болған оқиғаға олардың ықпалы болғанын жеткізуге тырысты.

«Адамнан айуан шығарған – өздері. Мен қанішер, жауызбын. Бірақ мен жазықсыз адамдарды өлтірдім деп санамаймын», – деді сотталушы.

Сондай-ақ ол өзіне тағайындалатын кез келген жазамен келісетінін айтып, соттан қылмысқа баруына себеп болған мән-жайларға әділ құқықтық баға беруді және өзін түсінуді сұрады.

Прокурор соттан Сұлтан Сәрсемәлиевті өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады.

сот Атырау Трагедия Заң
8 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар