Қазақстандықтар Ливаннан аман-есен оралды
2024 жылғы 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді. Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшеуіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен Ливаннан Қазақстан азаматтарын және олардың отбасы мүшелерін елге эвакуациялау шаралары жүзеге асырылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
«Аталған операция Ыстанбұл және Дубай қалалары арқылы ұйымдастырылып, нәтижесінде 2024 жылғы 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді», — делінген СІМ хабарламасында, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Эвакуация әскери қақтығыс аймағында қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілді.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өткен БРИКС-тің пленарлық отырысының «БРИКС плюс»/«аутрич» форматында сөз сөйлеп, Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына алаңдаушылық білдірді.
Бұған дейін Израиль Ливанның оңтүстігінде «Хезболла» нысандарына соққы беріп, 65 адам мерт болғаны хабарланды.