Қазақстан жаңалықтары22 қазан 2023, 11:00

Қобызшы Ләйла Тәжібаева қазақстандықтарға ерекше сый жасады

Қобызшы Ләйла Тәжібаева Республика күні қарсаңында биіктен парашютпен секірген кезде қобызбен күй орындап, жерлестеріне сый жасады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Голливудтағы орындаушылық өнер бойынша дүниежүзілік чемпионатта бірнеше алтын медаль иегері атанған қобызшы Ықыластың «Жезкиік» күйін орындады. 

Ләйла мен Қазақстан авиациялық спорт федерациясының вице-президенті Тимофей Меркулов аталмышжобаны бірлесе жүзеге асырды.

Қобзшы бұған мұқият дайындалып, қауіпсіздік шарасын ережесін естен шығармады. Қобыз құлап кетпеуі үшін мықтап бекітілді.

- Біз Гиннестің рекордтар кітабына ену мақсатында парашютпен секіру барысында қобызбен күй тартуға шешім қабылдадық. Бұл жаңа тәжірибе. Меніңше, парашютпен секірген адамға бәрі оңай болып көрінеді, - деп атап өтті қобызшы Ләйла Тәжібаева.

Ләйла Тәжібаева қобызшы Ләйлә Тәжібаева Республика күні

Тақырыпқа жаңалықтар