Placeholder Қостанайдағы бес баланың өлімі: Облыс әкімі Жітіқараға барып, жиналыс өткізді
Фото: Қостанай облысының әкімдігі
Qostanay oblısınıñ äkimdigi
Қазақстан жаңалықтары12 қазан 2024, 0:23

Қостанайдағы бес баланың өлімі: Облыс әкімі Жітіқараға барып, жиналыс өткізді

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қайғылы оқиға орын алған Жітіқара ауданына барды. Өңір басшысы қазаға қатысты көңіл айтты және барынша қолдау көрсетуді тапсырды. Қостанай облысы әкімдігінің хабарлауынша, әкім жедел кеңес өткізіп, оқиғаның себептерін мұқият тексеруді тапсырған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Әкім балалардың туыстарына көңіл айтып, көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Оған қоса, психологтардың аталған отбасымен жұмыс істеп жатқаны, оларға уақытша баспана берілгені және материалдық қолдау көрсетілетіні анықталды.

Еске сала кетсек, бүгін Қостанай облысында жер үйде бес бала өртеніп кетті. Қайғылы оқиға таңертең болған. Жітіқараның жеке секторында үй өртеніп кетті, онда қараусыз қалған бес бала бар еді. Олардың денелерін өрт сөндірушілер тапты. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

 

Қостанай бес баоаның өлімі Әкім жиналыс

Тақырыпқа жаңалықтар