Алматыдағы аптап ыстық: екі аптада 33 мыңнан астам адам жедел жәрдем шақырған

Шілде айының алғашқы екі аптасында Алматыда жедел медициналық жәрдем қызметіне 33,6 мыңнан астам шақырту тіркелді,деп хабарлайды Arbat.Media.

Дәрігерлердің мәліметінше, осы кезеңде артериялық қан қысымының көтерілуі, жүрек-қан тамырлары аурулары, жүректің ишемиялық ауруы және жедел миокард инфаркті бойынша жүгінгендер саны артқан. Сондай-ақ ми қан айналымының жедел бұзылысына ұшыраған науқастар шұғыл түрде қалалық стационарларға жеткізілген. Қала емханалары созылмалы ауруы бар тұрғындарды диспансерлік бақылауда ұстап, қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп, олардың денсаулық жағдайын тұрақты бақылап отыр. Мамандар тұрғындарға сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін күн астында ұзақ жүрмеуге, жеткілікті мөлшерде су ішуге, жеңіл әрі ашық түсті киім мен бас киім киюге кеңес береді. Егер өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, дереу медициналық көмекке жүгінген жөн.

аптап ыстық Алматы жедел жәрдем Дәрігер
Кеше, 10:38 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 18:35 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 17:30 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар