Қазақстан жаңалықтары28 маусым 2024, 7:52

Қызылорда: Автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам мерт болды

Қызылорда қаласында жеңіл көлік қоғамдық автобуспен соқтығысып, оқиға орнында бір адам қаза тапты. Әлеуметтік желіде жазылған мәлімет бойынша, оқиға 27 маусымда болған. Қоғамдық автобус пен жеңіл көлік соқтығысып қалған. Оқиға орнында жеңіл көлік жүргізушісі көз жұмған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл жөнінде Қызылорда облыстық Полиция департаменті төмендегіше түсініктеме берді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті департаменттен.

 

Қызылорда автобус көлік апаты

Тақырыпқа жаңалықтар