Баспана сатып алғысы келетіндерге қатысты маңызды жаңалық жарияланды
Жылжымайтын мүлік бойынша мәмілелерді нотариаттық ресімдеу тәртібі өзгерді, деп хабарлайды Arbat.Media.
2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап Қазақстанда пәтерді және басқа жылжымайтын мүлікті сатып алу-сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға, кепілге қоюға немесе иеліктен шығаруға байланысты мемлекеттік тіркеуге жататын өзге де мәмілелерді енді тек мүліктің орналасқан жеріндегі нотариус қана куәландырыла алатын болды. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады.
Жылжымайтын мүліктің адресі нотариаттық куәландырудың негізгі бағдарына айналады. Яғни, пәтер Ақтауда болса, оны иеліктен шығару немесе кепілге қою жөніндегі нотариаттық рәсім тек Ақтау қаласындағы нотариуста жүргізіледі
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: