Екібастұзда Mercedes жүргізушісі полициядан қашып, 5 түрлі жаза алды
Екібастұзда Mercedes көлігінің жүргізушісі полицейлердің тоқтау туралы талабына бағынбай, көлікпен қашып кеткен, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полиция қызметкерлері жүргізушіні тоқтатуға тырысқанымен, ол жолын жалғастырған. Полицейлер көлікті қуып жетіп, ақыры жүргізушіні ұстады.
Оған қатысты бес әкімшілік хаттама толтырылды:
полицияның көлікті тоқтату туралы талабын орындамау;
жол-көлік оқиғасы болған кездегі міндеттерін орындамау;
жол ережесін бұзып, материалдық шығын келтіру;
қиылыстан өту кезінде басқа көліктерге жол бермеу;
қауіпті маневр жасап, басқа жүргізушілерді жылдамдығын немесе қозғалыс бағытын шұғыл өзгертуге мәжбүрлеу.
Жүргізушіге қатысты материалдар сотқа жолданды. Ал Mercedes айып тұрағына қойылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: