Қазақстан жаңалықтары31 наурыз 2024, 10:00

Қызылқоға ауданында бірнеше ауыл қайықпен қатынайды

Атырау облысының Қызылқоға ауданында бірнеше ауылдың тұрғындары үшін көлік қатынасы тоқтады. Тұрғындардың аудан орталығымен қатынасы үшін екі қайық бөлінген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, тасқын судың салдарынан аудан орталығы – Миялы ауылынан 500 метр қашықтықтан өтетін «Сағыз-Миялы-Қарабау-Индер» бағытындағы айналма тұсы жырылып, автокөлік қатынасы толықтай тоқтаған.

«Қазір Ойыл өзенінің аудан аумағындағы жағадауына жақын орналасқан округ тұрғындары үшін 2 қайықпен тасымал ұйымдастырылуда. Ойыл өзені арнасынан асып ағып жатыр. Судың қазіргі деңгейі – 3,2 метр. Ойылдың суы «Ералы» су торабына құйылып жатыр. Ал, Сағыз өзеніндегі су деңгейі түсіп, қауіп сейілді», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 4 судан құтқару жасағы, 25 құтқарушы Қызылқоға ауданына көмекке келді. Сондай-ақ, жол талғамайтын 1 Трэкол, 1 Урал, 1 УАЗ көлігі мен 3 маторлы қайық жеткізілді.

«Аудан аумағында 45,7 шақырымдық бөгет бар. Былтырғы көктемнен бері 3 бөгет, 1 өткел қалпына келтірілді. Қарабау, Тайсойған, Ойыл, Көздіғара және Сағыз ауылдық округтерінде 16 шақырым бөгет жаңадан соғылды», - деп мәлім етті әкімдіктің баспасөз қызметінен.

 

Атырау Қызылқоға қайық Тасқын

Тақырыпқа жаңалықтар