Қазақстан жаңалықтары24 қазан 2023, 16:25

Республика күні: 68 педагог мемлекеттік наградамен марапатталды

Астанада Республика күні қарсаңында еліміздің түкпір-түкпірінен келген ұстаздар мемлекеттік наградаға ие болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«25 қазан — тарихи дата. Осы күні еліміздің егемендігі жарияланды. Еліміз тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының әртүрлі кезеңін еңсерді. Мұның бәрі азаматтарымыздың, оның ішінде отандық білім беру жүйесінің дамуына үлес қосатын педагогтардың, оқушылар мен студенттердің жетістіктерімен де тығыз байланысты. Биыл біздің балалар түрлі халықаралық олимпиадаларда 241 медаль жеңіп алды, 23 оқушы әлемдегі ең беделді жеті олимпиаданың үздіктерінің қатарына ілікті. Алғаш рет Қазақстан құрамасы EuroSkills-те 2 медаль және 4 үздік медальон жеңіп алды. Біздің жігіттер жылдан-жылға ең биік халықаралық ареналарда еліміздің туын көтеруді жалғастыра береді», - деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев салтанатты шарада.

Педагогтар «Парасат», «Құрмет» орденін, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», Ыбырай Алтынсарин, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалін және министрдің атынан құрмет грамотасын және алғыс хат алды.

«Оқу-ағарту министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері» дипломы табыс етілді. 

 

Республика күні Педагог мемлекеттік награда

Тақырыпқа жаңалықтар