Қазақстан жаңалықтары31 мамыр 2024, 19:41

Салтанат Нүкеноваға арналған Salta әнінің премьерасы өтті

Танымал ресейлік композитор және продюсер Максим Фадеев Instagram желісіндегі парақшасында Салтанат Нүкенованы еске алуға арналған Salta атты жаңа әнінің толық нұсқасының премьерасы туралы жазды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Максим Фадеев “MALFA” (@fadeevmaxim)

«SALTA». Әннің премьерасы барлық арналарда өтті. Мен оның осы әуенмен өмір сүргенін қаладым. Оған басқа ешкім тиіспеуі үшін...», – деп жазды Макс Фадеев өз парақшасында.

«Әнді Салтаға арнай отырып Максим, меніңше, жантүршігерлік зорлық-зомбылық көрген барлық әйел мен қыздарға арнаған сияқты....», «Қазір бұл ән қанша адамға керек. Рақмет сізге! Біз сізді құрметтейміз және әндеріңізге тәнтіміз», - деп жазды оқырмандар жазбаның астына.

Еске сала кетсек, осыған дейін Максим Фадеев Салтанат Нүкеноваға ән арнағаны хабарланған болатын.

Максим Фадеев Salta әні премьера Салтанат Нүкенова

Тақырыпқа жаңалықтар