Қазақстан жаңалықтары17 қараша 2023, 3:43

"Самұрық-Қазынаның" Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын кеңесі таратылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық ететін «Самұрық-Қазына» қорының басқарма кеңесін таратып жіберді, деп хабарлайды Kazinform.

«Самұрық-Қазына» қоры баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Президенті қор туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін құжатқа қол қойған. 

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы заңда 6-1-бап (қорды басқару жөніндегі кеңес) алынып тасталсын» делінген жаңа құжатта.

Қорды басқару жөніндегі кеңес – қор қызметінің бәсекеге қабілеті мен тиімділігін арттыру бойынша ұсыныс әзірлейтін консультативтік-кеңесші орган еді.  

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды

Бұл заңда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевты Қорды басқару жөніндегі кеңес құрамынан шығаратын «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заңға кірген түзетулер де бар. 

Самұрық-Қазына Нұрсұлтан Назарбаев басқарма кеңесі таратылды

Тақырыпқа жаңалықтар