Қазақстан жаңалықтары8 қараша 2023, 0:21

Семейде орман өртемекші болған қаскөй іздестіріліп жатыр

Семейде орман өртемекші болған қаскөй іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Семейде Қарағайлы орманын қасақана өртемекші болған күдікті іздестіріліп жатыр.

Қаскөй қалың ормандағы ағаштардың түбіне құрғақ бұтаны үйіп, от қоймақшы болған.

Мұны байқап қалған тұрғындар құзырлы орындарға хабарлапты.

Тексеріске шыққан мамандар бұталардың қарағайлы орманға қасақана өрт қою үшін дайындағанын анықтады. Себебі қаскөй ну ағаштардың арасын таңдаған. Тіпті жалын бірден қарқын алу үшін жеңіл көліктің доңғалақтарын да жеткізіпті. Орман қызметкерлерінің айтуынша, өртті бір мезетте орманның екі жақ бөлігінен тұтатуға бекінген.

Рейдте  мамандар Семей-Павлодар тасжолындағы орманнан жағуға дайын үш күркені анықтады.

Ал қалған үшуі Семей- Бородулиха күре жолындағы орманнан табылып отыр. Олар қолайлы ауа райы мен жел соққанын күткен сыңайлы. Қазір орманшылар жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп күдіктіні іздестіріп жатыр.

Қазір орманды күзету күшейтілді. Құқық қорғау органдарына арыз жазылып, бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатыр. Күдікті іздестірілуде. Семей халқынан сұрайтынымыз, осындай фактілер болса телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз, - дейді «Семей орманы» табиғи орман резерватына қарасты «Қызыл кардон» орманшылығының басшысы Нұржан Бақытбекұлы.






семей Өрт қаскөй Іздестіру

Тақырыпқа жаңалықтар