Қазақстан жаңалықтары16 қараша 2023, 13:55

Сенатор: Отбасындағы зорлық-зомбылықпен күрес саласында бақылауды күшейту керек

Отбасындағы зорлық-зомбылықпен күрес бағытындағы заңдардың орындалуына қатаң бақылау жасалуы керек. Бұл туралы сенатор Жанна Асанова айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Депутаттың сөзіне қарағанда, жаңалықтарда күн сайын зорлық-зомбылық пен қорлық көрсету туралы айтылып жатыр. Ал уәкілетті тұлғалардың немқұрайлы көзқарасы мен сыбайлас жемқорлық бұл мәселені толық шешуге мүмкіндік бермей келеді.

Сенатор мұндай зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл кешенді тәсілді талап етеді деп санайды. Оның ішінде жағдайды ерте анықтау және оған араласу үшін алдын алу шаралары, сондай-ақ стратегия мен тәсіл-амалдарды уақтылы түзету үшін мемлекет қабылдайтын шаралардың тиімділігін жүйелі бағалау да бар.

«Ішкі істер министрлігінде тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жеке қызметті өңірлік өкілдіктерге дейін кеңейту ұсынылып отыр. Жалпыға бірдей қабылданған халықаралық стандарттар мен психологиялық нормаларды ескере отырып, құқық қорғау органдарының алғаш рет шағымданған зорлық-зомбылық құрбандарына арналған өзара іс-қимыл бойынша нұсқаулығын заңнамалық тұрғыдан бекіту керек. Бұдан бөлек, зорлық жасағандарды міндетті түрде тіркеуге алу, одан кейін мемлекеттік және күштік органдарға жұмысқа орналасуды шектей отырып, қару иелену құқықтарына тыйым салуды енгізу маңызды», - деді Ж. Асанова Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында.

Депутаттың ұсынысында білім беру, медицина және әлеуметтік қолдау саласындағы заңнаманың бірқатар нормасын өзгерту жөніндегі шаралар да қамтылған.

жанна асанова Отбасы зорлық-зомбылық бақылау

Тақырыпқа жаңалықтар